Өндірістік практиканың нәтижелерін қорытындылау

28.03.2024

Көрулер: 124

25 наурыз күні, Қытайтану кафедрасының төртінші курс студенттері өндірістік практика бойынша есеп берді. Қытайтану кафедрасының төртінші курста білім алып жатқан 23 студенті 22.01.2024-16.03.2024 аралығында «Шығыс әдебиеті» баспасында өндірістік практикадан өткен болатын. Студенттер практика барысында алған тәжірибелерімен бөлісіп, баспаға алғыстарын білдірді. Сөз соңында «Шығыс әдебиеті» баспасының өкілі Берістем Жансая алғыс сөзін сөйледі.