ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРДА ҚЫЗЫҚТЫ ТАҚЫРЫП ҚОЗҒАЛДЫ

27.03.2024

Көрулер: 106

2024 жылдың 26 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доцент м.а. Керімбаев Ержан «Қытай тілі пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысында (СӨЖ) адами ресурстарды қолдану тәжрибесі» атты тақырыпта методикалық семинар өткізді. Семинар барысында Керімбаев Native speaker-лерді сабақ барысында қалай пайдалануға болатыны туралы өз тәжрибесімен бөлісті. Native speaker-лермен, яғни сол тілдің өкілдерімен тікелей қарым-қатынасқа түсу тіл меңгеру деңгейін арттыруда маңызды рөл атқаратын болса, оның түрлі мүмкіндігін қарастыру қазіргідей жағдайда қиындық тудыра қоймайды. Студенттер Native speaker-лермен сабақтан тыс түрлі жағдайларда, түрлі мақсатта қарым-қатынас жасауы мүмкін: университет қабырғасында және одан тыс өтетін түрлі ресми кезесулер мен мәдени іс-шаралар, жеке достық қарым-қатынас, әлеуметтік желідегі достық, жеке хат алмасу, т.б. Ал осы Native speaker-лерді сабақ барысында да қолданудың тиімді әдістері бар екенін жеткізді. Атап айтқанда студенттерге Алматы қаласындағы Қытай азаматтарынан сұқбат алу тапсырмасын беру арқылы, олардың тіл меңгеру деңгейін көтеру әдіс-тәсілдері қарастырылды.Семинарда көтерілген тақырып кафедра оқытушыларының қызығушылығын туғызды. Керімбаев оқытушылардың қойған түрлі сұрақтарына жан-жақты да, тыңғылықты жауап берді.