Жарқын болашақтың іргетасы бүгіннен бастап қаланады!

12.03.2024

Көрулер: 162

12 наурыз күні Қытайтану кафедрасының ұйымдастырумен, кафедраның 2015 жылғы түлегі, бүгінде Алматы қаласындағы «Хуавей Технолоджис» компаниясының атқарушы директорларының бірі-Чурсин Михаил Вальеревичтің «Жарқын болашақтың іргетасы бүгіннен бастап қаланады» атты көшбасшылық дәрісі өтті. Спикер студенттермен жетістікке қалай жету керек, сұранысқа ие маман болу жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.