«ҚазҰУ студенті Ережесімен және ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексімен танысу» кураторлық сағаты өтті

21.02.2024

Көрулер: 158

Ағымдағы жылдың 15-ші ақпанында 416 аудиторияда Қытайтану кафедрасының оқытушылары Г.К.Катбаева мен А.П.Бисенбаева 3 курс «6В02207-Шығыстану» және  2 курс «6В02301- Шетел филологиясы» мамандығының студенттеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің «Ар-намыс кодексі» мен «корпоративті мәдениет кодексімен», «Академиялық ұтқырлық» ережесімен егжей-тегжейлі таныстыру мақсатында кезекті кураторлық сағат өткізді. Топ кураторлары студенттерге студенттердің ар-намыс кодексі, корпоративті мәдениет кодексі, Қазақ ұлттық университетінің студенті туралы ереже және университет студентінің академиялық ұтқырлығы туралы жалпы ақпарат беріп,  сондай-ақ, шовинизм мен этникалық, нәсілдік және діни негіздер бойынша дискриминация көріністерінің деңгейін төмендетуге және біздің аймақтың көп ұлттығы туралы оң идеяны қалыптастыруға бағытталған танымдық, тәрбиелік мәселелерді қозғады.Іс-шара аясында презентациясы мен Қазақ ұлттық университетінің нормативтік құжаттары ұсынылды.