Speeking club өтті

03.02.2024

Көрулер: 218

2024 жылдың 3 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Мордовияның Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің ағылшын филологиясы кафедрасының студенттері арасында Speeking club өткізді.  Бұл сабаққа Қытайдан келген студент Тянтиен қатысып, студенттер өздерін қызықтыратын түрлі сұрақтар қойып, бұл іс-шара тілдік кедергіні жеңуге көмектесті. Студенттер қытай студентімен еркін сөйлесіп, қытай тілінің жоғары  деңгейін көрсетті.