«Контрастивті лингвистика және оның бағыттары» атты тақырыпта республикалық деңгейде ғылыми семинар өтті

23.01.2024

Көрулер: 172

2024 жылы 22 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Досымбекова Рауан Орикбаевнаның ұйымдастыруымен «Контрастивті лингвистика және оның бағыттары» атты тақырыпта республикалық деңгейде ғылыми семинар өтті. Семинарға онлайн режимде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасынан филол.ғ.к., доцент м.а. Өмірбекова Жәмилә Қалдыбекқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы Сеитова Гауһар Аманжоловна, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсембаева Фариза Нұрділдаевна және офлайн факультет оқытушылары қатысты. Семинар тақырыбы өте өзекті, әрі қызықты пікірталаспен аяқталды.