"Қытай тарихындағы ғылым өнертабыстары" кітабының тұсаукесері өтті

24.01.2024

Көрулер: 202

23 қаңтарда Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының құрылғанына 20 жыл толуына орай "Шығыс әдебиеті" баспа компаниясының жаңа кітаптарын сыйға тарту рәсімі және ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Қадай Камия қытай тілінен қазақ тіліне аударған 1953 жылы ҚХР - да басылып шыққан "Қытай тарихындағы ғылым өнертабыстары" кітабының тұсаукесері өтті. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараның модераторы белгілі ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Саят Қамшыгер болды.

Жаңа кітаптың салтанатты түрде лентасын қию Қазақстанның жетекші қытайтанушыларының, ЖОО оқытушыларының, жазушылардың және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының қатысуымен өтті. Іс-шарада: ғалым-этнограф, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD доцент Фарида Оразақынқызы; баспа компаниясының редакторы Нұрлан Құмар сөз сөйледі. Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан орыс, қазақ, қытай тілдерінде «Кітап халықтарды біріктіреді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның белгілі қытай ғалымдары, аудармашы-мамандар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің , Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.