Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін тағайындалатын «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

28.12.2023

Көрулер: 493

20 желтоқсан күні шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындау мәселесі де қарастырылды. Комиссия шешіміне сәйкес 481 үміткерге стипендия тағайындалды. Осы үміткерлердің ішінде біздің қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида енген.  
Қытайтану кафедрасы ұжымы Оразақынқызы Фариданы шын жүректен құттықтайды!