Қытай Халық Республикасының білім Вице-министрі Сун Яо бастаған делагация шығыстану факультетіне келді

25.12.2023

Көрулер: 507

24 желтоқсан күні Қытай Халық Республикасының білім Вице-министрі Сун Яо бастаған делагация шығыстану факультетіне жұмыс сапармен келді. Кездесу барысында ғылым мен білім бағыты бойынша серіктестікті дамытуға серпін беретін ұсыныстар айтылды. Вице-министр болашақта ҚазҰУ-дың өзге де университеттерімен әріптес болуына көмектесетіндігін, Қытайдың Ланчжоу университетімен бірлесіп, докторантарды дайындаса жақсы нәтиже болатынын, сонымен қатар докторанттарды даярлауда ҚазҰУ Ланчжоу университетімен және Солтүстік-Батыс политехникалық университетімен академиялық ұтқырлық бойынша оқытушыларды алмасу жұмыстарын жүргізу қажет деп санайтындығын атап кетті. Кездесуде тараптар аталған ұсыныстарды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.