«Әдеби көркем аудармадағы «ұлттық бояу»» атты дөңгелек үстел өтті
Көрулер: 493
«Әдеби көркем аудармадағы «ұлттық бояу»» атты дөңгелек үстел өтті2023 жылдың 13 желтоқсанында қытайтану кафедрасында Отандық көркем аударманы дамыту және аударма ісі мамандарын жоғары деңгейде сапалы дайындау мақсатында «Әдеби көркем аудармадағы «ұлттық бояу»» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде жазушы, аудармашы Нұрхалық Абдырақын әдеби көркем аудармадағы «ұлттық бояуды шығарып аудару» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сонымен қоса аудармашы Ардақ Қалиолла «Аударма және Аудармашы» тақырыбында, ғалым Дәулет Фатимабибі «Көркем аудармадағы мәдени аспектілер», қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қойбақова Айжан «Қытай ономастикалық атауларын транслитерациялау мен транскрипциялау мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар да тақырыптарға қатысты өз ойларымен бөлісіп, дөңгелек үстелдің көрігін қыздырды.






