Жұмыс берушілердің қатысуымен ғылыми семинар-практикум өтті

20.11.2023

Көрулер: 493

2023 жылғы 20 қарашада шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы ілеспе аударма мәселелері бойынша II қалалық семинар-практикум өткізді. Бұл семинар-практикумның басты ерекшелігі деп бұл іс-шараға шығыстану факультетінің,  Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Халықаралық бизнес Академиясы және Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі оқытушылары, докторанттары және магистранттарымен қатар, Қытайдан келген жұмыс берушілердің - Henan tianzhong Landscape Design Engineering Co Ltd. компаниясының топ-менеджері Цзян Бинью мырзаның және Beijing Originwater Technology Co Ltd. компаниясының топ-менеджері Сюй Ли мырзаның қатысқанын айтуға болады. Аталмыш семинар - 2023 жылғы 15 қарашадан бастау алған  семинарлар легінің екінші іс-шарасы. Семинарлар   магистратура мен докторантурада оқылатын "Аударманы оқытудың инновациялық технологиялары мен әдіснамасы" және "Заманауи аударма тұжырымдамалары" пәндерінің негізінде әзірленді. Ұйымдастырушы -    қытайтану кафедрасының профессоры м.а. Дәулет Ф. Н. Семинардың негізгі мақсаты  -  профессор Ф. Н. Дәулеттің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және енгізу, сондай-ақ көпшілікке ілеспе аударманың теориялық негіздерімен таныстыру және тәжірибе жүзінде ілеспе аудармашының қандай дағдыларға ие болу керектігін көрсету болып табылады. Семинар-практикумның негізгі бөлігінде 1-ші оқу жылының магистранты Сәденова Алима сөз сөйлеп, ілеспе аударманың грамматикалық және стилистикалық аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әлима орыс тіліндегі теріс бөлшектерді,  одақтарды, предлогтар, сандарды  және жалқы есімдерді қытай тіліне аудару барысында   трансформациялау туралы айтып, сондай-ақ, іскерлік келіссөздер терминдерін аудару ерекшеліктеріне тоқталды.  1 курс магистранты Ван Линлин лектордың сөзіне ілеспе аудару жасау арқылы ауызекі аударманың бұл күрделі түрінің қалайша жүзеге асырылатынын көрсетіп берді. Семинарға қатысқан  шетелдік қонақтар Цзян Биньюй және Сюй Ли мырзалар жұмыс беруші тұрғысынан    магистранттар мен докторанттарға  құнды кеңестер берді. Олар аудармашы үшін бірнеше тілді жетік білумен қатар, төзімді болуы (келіссөздер 3-4 сағаттан астам уақытты алуы мүмкін), интеллектуалды икемділікке ие болуы (аударманы жеделдету және сапаны жақсарту үшін заманауи әдістерді  қолдана білу) секілді кәсіби дағдылардың аса маңыздылығын ерекше атап өтті.