«Шыңжаң – тамаша жер» атты ән,би, поэзия және сурет өнері жобасы өтті
06.11.2023
Көрулер: 521
Ағымдағы жылдың 6-қарашасында ҚХР-ң Мәдениет және Туризм министрлігі мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халықтық Үкіметінің бірлесіп ұйымдастыруымен еліміздің оңтүстігіндегі әсем қаламыз Алматыда «Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет» театрында «Шыңжаң – тамаша жер» атты ән,би, поэзия және сурет өнері жобасын өткізді.
Шарада Шыңжаң қаласының көрнекті жерлері мен мәдени мұраларын, аймақтық мәдени ерекшеліктерін таныстырды. Сондай-ақ Шыңжаң қаласында тұратын этникалық ұлттардың ұлттық өнерлерін көрсетті.
Іс-шараға қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида мен кафедра оқытушылары және 2 курс студенттері қатысты.






