Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына арналған салтанатты қабылдау
25.10.2023
Көрулер: 461
2023 жылдың 25 қыркүйегінде Алматыда Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті.Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй өз сөзінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық басшылығымен екі ел арасындағы қарым-қатынас сенімді түрде алға жылжып келе жатқанын атап өтті. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жамила Айтжанова, Деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жақыбаева С.Т., Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Ф. Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Керімбаев Е. қатысты.







