Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші өтті
09.10.2023
Көрулер: 491
9 қазан күні қытайтану кафедрасында бірінші курс студенттерін қарсы алу мақсатында арнайы түрде іс-шара ұйымдастырылды.Бұл шараға барлық бірінші курс студенттері, сонымен қатар Қытайдан келген шетелдік студенттер де қатысты. Шараның ауқымы шағын болғанымен, мазмұны қызықты болып өтті. Әр топ өздері қызыққан шағын бағдарламалары мен өнерлерін көрсетті, атап айтқанда ән айту, Абайдың өлеңдерін оқу, қытай биін билеу, қытай киімдерін көрсету, өзін-өзі таныстыру және де екінші курс студенттері қытай тілін үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті.







