Ғылыми семинар өтті
11.10.2023
Көрулер: 484
10 қазан күні қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Сериккалиева Ажар «Ғалымның жобаларға қатысуы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға кафедра оқытушылары, жас ғалымдар қатысты. Семинарда халықаралық және мемлекеттік жобалар туралы, оларға қатысу және өтінім беру жолдары айтылып, жобаның артықшылықтары мен қиындықтары талқыланды. Сондай ақ Сериккалиева А. Е. өзінің жобаларға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.






