Фарида Оразақынқызы Бейжің шет тілдері университетінің басшыларымен кездесті
04.10.2023
Көрулер: 569
Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы ағымдағы жылдың 13 қыркүйекте Бейжің шет тілдері университетінің басшыларымен кездесіп, шығыстану және аударма ісі мамандықтары бойынша қос дипломдық бағдарлама және академиялық ұтқырлық бойынша екі жақты ынтымақтастық орнатуды келісіп қайтты.






