Қытайтану кафедрасының меңгерушісі "Жібек жолы халықаралық мәдени көрмесіне" қатысты

04.10.2023

Көрулер: 537

Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы Дүниежүзілік Қытайтану орталығының шақыруымен ағымдағы жылдың 5-15 қырқүйекте әлемнің 16 елінен келген (Аргентина, Конго, Хорватия, Египет, Эфиопия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Мексика, Непал, Ресей, Испания, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары) 16 қытайтанушы ғалымдармен бірге Қытайдың Бейжің, Чиндау, Дүнхуаң қалаларында іс-сапарда болып «6-шы кезекті Жібек жолы халықаралық мәдени көрмесіне» қатысып, «Қазақстан-Қытай жоғары білім ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында баяндама жасап қайтты.