Мектеп оқушылары ҚазҰУ қалашығын аралады
04.10.2023
Көрулер: 544
Қытайтану кафедрасының бастауымен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Р.ТОҚАТАЕВ мектебінің оқушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығын кәсіптік-бағдар бойынша аралап, болашақтарына нық сеніммен қарады. Олар университет тарихын, алдағы даму жоспарын мұражайды аралау арқылы танысты. Жас жеткіншектер ғылым ордасын қызыға аралады. Студенттік өмірлерін осы оқу орнында оқуға іштей серттесе, дәл бүгіннен бастап бұрынғыдан да жақсы оқуға бел байлап, жарқын күндеріне нық сеніммен қарады.






