«ALATAU - CAREER DAY» атты ваканция жәрменкесі
30.06.2023
Көрулер: 652
2023 жылдың 27-маусым күні Алматы қаласының Алатау ауданында «ALATAU - CAREER DAY» атты ваканция жәрменкесі өтті. Жәрмеңкеде кәсіби бағдар және мансап бойынша түрлі тренингтер, жұмысберуші компания және түрлі деңгейдегі оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараны Алматы қаласының жастар саясаты Басқармасы, Алатау ауданының әкімшілігі, Алматы қаласының Цифрландыру Басқармасы және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге Қытайтану кафедрасының оқытушысы Абдраев Нұрманғазы да қатысып, талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесіп, ақыл-кеңес беріп қайтты.






