Азия ойындарына арналған Fun Run спорттық іс-шарасы өтті
22.05.2023
Көрулер: 951
2023 жылдың 20-мамыр күні Динамо стадионында 2023-жылдың жазында Хаң жоу қаласында өтетін Азия ойындарын насихаттауға арналған Fun Run атты спорттық іс-шара өтті. Бұл шара ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Азия Олипиада кеңесі және Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Осы жиынның барысында келген қонақтар мен қатысушыларға Қытай мәдениетінен түрлі мастер-класстар өтілді. Іс-шараға Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетті.






