«Қытай жоғары білім жүйесін реформалау: жүргізілу барысы мен нәтижелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті
04.05.2023
Көрулер: 698
04 мамыр күні қытайтану кафедрасы «Шығыстану» мамандығының 2 курс докторанты Сабиғазина Сәуле «Қытай жоғары білім жүйесін реформалау: жүргізілу барысы мен нәтижелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында докторант ҚХР-дың жоғары білім беру жүйесін дамытуға арналған реформалардың жүргізілу барысы, проблемалары мен нәтижелері туралы баяндады. Семинар соңында тақырып бойынша сұрақтар қойылып, талқыланды.






