“Халықаралық Қытай тілі” күні атап өтілді
Көрулер: 743

20 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Жібек жолы үйірмесінің ұйымдастырумен “Халықаралық Қытай тілі күніне” орай студенттер мен оқытушылар арасында іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күнді 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті, қытай тілінің алты ресми тілдің бірі болып қабылданғанына орай ұсынған болатын. Содан бері бұл күн жыл сайын 20 сәуірде аталып өтіледі. БҰҰ тілдік күндерінің басты мақсаты көптілділік пен мәдени әртүрлілікті ынталандыру және ұйым жүйесі шеңберінде барлық ресми алты тілді қолданудың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Іс-шараға Қытайтану кафедрасының 1 және 2 курс студенттері қатысып, пікір алмасып, атаулы күн жайлы мәлімет алып, қызықтыратын сұрақтарын қойды. Іс-шара барысында студенттер арасында өздерінің білімімен қатар, Қытай мәдениеті, дәстүрі мен тілін жетік меңгеруіне байланысты байқау ұйымдастырылды. Шараның негізгі бағыты оқушылардың қытай тілін меңгеруге ынталандыруға арналды.







