“ҚХР-ның модернизация жағдайында “сяокан” қоғамын құру үдерісі” тақырыбында ғылыми семинар өтті
20.04.2023
Көрулер: 754
2023 жылдың 20 сәуір күні қытайтану кафедрасында 3-курс докторанты Асыл М.Б. “ҚХР-ның модернизация жағдайында “сяокан” қоғамын құру үдерісі” тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарда докторант өзінің диссертациялық зерттеу тақырыбына тоқталып, диссертациялық жұмыстың жалпы мазмұнын таныстырып өтті. Тақырыптың өзектілігіне, зерттелу деңгейіне, зерттеу әдіснамасына шолу жасау арқылы докторант зерттеу жұмысының маңыздылығын толық ашып көрсетті. Отандық қытайтану саласында алғаш рет кешенді және жүйелі түрде қарастырылып отырған тақырып тыңдармандардың үлкен қызығушылығын тудырды. Семинар арты талқылауға ұласып, докторантқа зерттеу тақырыбы аясында көптеген сұрақтар қойылды.






