Қытайтану кафедрасының студенттері – «Қытай тілі көпірі» халықаралық сайысының жүлдегерлері
10.02.2023
Көрулер: 1101
Әлем студенттері арасындағы 22-ші кезекті «Қытай тілі көпірі» халықаралық жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысында қытайтану кафедрасының 4-курс студенттері Қайратқызы Мадина мен Бірлікұлы Ерлік үшінші орынды иеленіп, жүлдегер атанды. Жетекшілері Дүйсенбай Құлпынай мен Мұқатай Клара «Үздік жетекші» марапатына ие болды. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!






