Әлем студенттері арасындағы 22-ші кезекті «Қытай тілі көпірі» халықаралық сайысы өтуде
10.02.2023
Көрулер: 816
Әлем студенттері арасындағы 22-ші кезекті «Қытай тілі көпірі» халықаралық сайысының Алматы қаласы бойынша өткен байқауының 1-ші кезеңінде Қытайтану кафедрасының 4-курс студенттері Қайратқызы Мадина мен Бірлікұлы Ерлік жеңімпаздардың қатарынан табылып, келесі турға өтті. Жетекшілері Дүйсенбай Құлпынай мен Мұқатай Клара шәкірттерін келесі кезеңге дайындап, студенттерінің ол жарыстан да сүрінбей өтетініне сенім артып отыр.






