«Қытайдың заманауи қоғамындағы жоғары білім және ғылым саласындағы модернизациялық үрдістер» тақырыбында ғылыми семинар өтті
27.12.2022
Көрулер: 891
27 желтоқсан күні қытайтану кафедрасы «Шығыстану» мамандығының 2 курс докторанты Сабиғазина Сәуле «Қытайдың заманауи қоғамындағы жоғары білім және ғылым саласындағы модернизациялық үрдістер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында докторант ҚХР-дың жоғары білім беру жүйесін дамытуға арналған реформалардың жүргізілу барысы, проблемалары мен нәтижелері туралы баяндады. Семинар соңында тақырып бойынша сұрақтар қойылып, талқыланды.






