"Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу" байқауы өтті

04.12.2022

Көрулер: 802

Байқауда Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын жоғары оқу орындарының  студенттері бағын сынады.  Оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері де бар. Байқауда студенттер Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан жарысты. Сайыс нәтижесінде «Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті Мухамеджанова Мадина екіңші орынға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталса, Қасымканова Айдана үздік қатысушы атанды.