Қытайтану кафедрасының студенттері Тұран университеті ұйымдастырған іс-шараға қатысты

04.12.2022

Көрулер: 753

2022 жылдың желтоқсан айының 2-ші жұлдызында "Жібек жолы" үйірмесінің жетекшісі Дүйсенбай Құлпынайдың бастауымен, қытайтану кафедрасының студенттері Тұран университеті ұйымдастырған «Языки региона специализации: турецкий и китайский» атты іс-шараға қатысты. Шараның мақсаты халықтар арасындағы бірлік пен достықты нығайтып, аталмыщ елдерді жақынырақ танып білу болды. Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тұран университеті, UIB, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттері қатысты. Студенттер қытай, түрік ұлттарының нақышында ән айтып, би билеп, өлең оқып және сал-дәстүрлерімен таныстырды. Біздің университетіміздің атынан,  Мухамеджанова Мадина Абайдың қара сөзін қытай тілінде мәнерлеп оқыса, Бірлікұлы Ерлік қытай тілінде ән орындап, өз өнерлерін көрсетті.