«Қытайдың дәстүрлі мәдениеті Қытайлық корпоративтік мәдениеттің рухани-идеологиялық негізі ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті
14.11.2022
Көрулер: 779
14.11.2022 шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасында ғылыми семинар өтті. Семинарға қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттар мен докторанттар және олардың ғылыми жетекшілері де қатысты. Семинар тақырыбы: «Қытайдың дәстүрлі мәдениеті Қытайлық корпоративтік мәдениеттің рухани-идеологиялық негізі ретінде». Семинарда басқару мәдениетінің рухани негізі саналатын ежелгі Қытай философиясының ережелері жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ, Қазіргі қытай зерттеушілерінің жұмысына сүйене отырып, дәстүрлі қытай мәдениетіндегі принциптерінің қазіргі қытай корпоративтік мәдениетінде қалай қолданылатыны талқыланды.






