«Меритократия Азия мемлекеттерінің даму факторы ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
11.11.2022
Көрулер: 770
2022 жылдың 10 қарашасында «Шығыстану» мамандығының 3 курс докторанты Ақылбай Арыстанбек ғылыми семинарда баяндама жасады. Семинар барысында Сингапурдың билеуші Халық әрекет партиясы жүзеге асырып жатқан азиялық құндылықтар теориясы, меритократияның мемлекеттік басқарудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Семинарға кафедра меңгерушісі, кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары және профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар қатысты. Семинар соңында өздерін қызықтырған сұрақтар қойылды.






