Каллиграфия байқауының іріктеу кезеңі өтті

08.11.2022

Көрулер: 956

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты студенттерге арналған кезекті Қытай ән-жыр және каллиграфия байқауын ұйымдастыруда. Байқау шарттарына сәйкес, 8 қараша күні қытайтану кафедрасында студенттер іріктеліп, каллиграфия бойынша өнерлерін ортаға салды. Студенттердің жұмыстары Конфуций институтына жолданды. Онда арнайы комиссия құрылып, каллиграфиялық жұмыстарды сарапқа салады. Байқау қорытындысы 29 қараша күні жарияланады.