Ғылыми семинар өтті

28.10.2022

Көрулер: 1186

  2022 жылдың 26 қазан күні қытайтану кафедрасының «Шығыстану» мамандығының 2-курс  PhD докторанты Болатбек Алина ғылыми семинарда«ҚХР инвестиция саясаты мен заңдарының қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасады.Семинарға магистранттар мен докторанттар және кафедра ұстаздары мен кафедра меңгерушісі қатысты. Семинар барысында «Қытайдың сыртқы саясатының басым бағыты: Қазақстанмен инвестициялық қатынасы (1992-2022)» тақырыбы аясында сөз қозғалды. Сырты саясат, инвестициялық саясат терминдеріне тоқталып, анықтама берді. Сондай –ақ, ҚХР инвестициялық саясатының қалыптасу кезеңдері, оның қалыптасуындағы маңызды тұлғалар, әсіресе, Дэн Сяопин төрағаның алатын орны және ұтқыр саясаты жайлы сөз болды.Тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Семинар соңында Болатбек Алинатақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.