әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасы мен Н.П.Огорев атындағы ММУ-дың арасындағы ынтымақтастық

22.06.2022

Көрулер: 1086

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Ph.D Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы 30 мамыр мен 17 маусым аралығында Н.П. Огорев атындағы мемлекеттік зерттеу университетінде қытай тілі мен қытай тарихынан сабақ берді. Дәрістер өте табысты болды.

Н.П. Огорев атындағы мемлекеттік зерттеу университетінің Шетел тілдері факультетінің деканы Буренина Наталья Викторовна Шығыстану факультетінің деканы Ph.D Палтөре Ықтияр Молдатөреұлына және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ph.D Керімбаев Ержан Әбдірайымұлына білім саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.