ТМШУ Қытай тарихы, мәдениеті, саясаты және экономикасы кафедрасының меңгерушісі К.С. Николаевамен кездесу

25.11.2021

Көрулер: 1678

25-қараша күні Шығыстану факультетінде Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Қытай тарихы, мәдениеті, саясаты және экономикасы кафедрасының меңгерушісі Камила Сергеевна Николаева қонақта болды. Факультет деканының орынбасары Жакубаева Салтанат Төлеуқызы мен Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы қонақты күтіп алып, факультетімізді таныстырды. Қонағымыз кафедраларды, зерттеу орталықтарын аралап, оқытушы-профессорлар құрамымен сөйлесті. Салтанат Төлеуқызы мен Камила Сергеевна екі жақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту бойынша пікір алмасып, болашақта бірлесіп жұмыс істеуге келісті.