«Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауының жүлдегері

05.11.2021

Көрулер: 1426

Қараша айының 5 жұлдызында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ - дің Шығыстану факультеті , шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институтынының Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздік мерейтойына орай және қазақ халқының ұлы ақыны , ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы ЖОО - да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында « Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу » байқауының шешуші кезеңі өтті .  Байқаудың мақсаты дана ақын Абайдың шығармаларымен өскелең ұрпаққа таныстырып, патриотизмге тәрбиелеу. Университетімізден Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының 4 курс студенті Дәрібаева Ардақ қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.