М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кураторлық сағат

18.02.2021

Көрулер: 1873

Биыл 9 ақпанда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931–1976) туғанына 90 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында кураторлық сағат өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл шарада М. Мақатаевтың поэзиясы оқылып, ақын өмірінің кейбір сәттерін бейнеленді.

Бұл шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушысы Дүйсенбай Құлпынай мен «Аударма ісі» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының орыс және қазақ топтарының студенттері қатысты. Олар шара барысында Мұқағали өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде оқылды.