Қытайдың дәстүрлі әндерін айту іс-шарасы өтті

27.01.2021

Көрулер: 1797

2021 жылдың 27 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультететі қытайтану кафедрасындағы «Жібек Жолы» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенбай Құлпынайдың ұйымдастыруымен Қытайдың дәстүрлі әндерін айту іс-шарасы өтті. Шараға студенттер қызыға қатысты. Аталған шараның мақсаты-қытай тілін үйренушілердің тек тілді ғана үйреніп қоймай, қытай мәдениетін, соның ішінде халық әндеріне деген қызағушылықтарын ояту. Іс шара ZOOM платформасында өтті. Қытайдың дәстүрлі әндерін тыңдаумен қатар, студенттер өздері де жаңа ән үйреніп, дәстүрлі Қытайдың “茉莉花”әнін қосылып шырқады. «Жібек Жолы» үйірмесінде осындай Қытай мәдениетіне жақындата түсетін шаралар жиі өтеді. Студенттер шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.