Қытайтану кафедрасының ОПҚ Хуавэй компаниясының өкілдерімен кездесуі

15.01.2021

Көрулер: 1577

Қаңтардың 15 күні сағат 12.00 Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының оқытушы- профессор құрамы Қытайдың Алматы қаласындағы Хуавэй компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.Хуавэй компаниясының өкілдері қытайтану кафедрасының түлектерінің білім сапасының өте жоғары екендігін ерекше атап өтті. Хуавэй компаниясында қызмет атқарып жүрген түлектердің барлығы жоғары дәрежелі қызмет атқарып жүргендігі айтылды.