ЛАНЧЖОУ УНИВЕРСИТЕТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ОНЛАЙН ОҚУ ГРАНТТАРЫН БЕРДІ
Көрулер: 1503
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің беделді деген 300-ден астам университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Соның ішінде ҚХР Ланчжоу университеті де бар. Ланчжоу Университеті мен ҚазҰУ арасындағы байланыстар қазіргі әлемдік пандемия жағдайына қарамастан жалғасын табуда. Соның бір дәлелі Ланчжоу университетінің оқытушылар мен студенттерге берген оқу гранты.
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Ланчжоу университеті шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 20 оқытушысына жарты жылдық білім жетілдіру грантын берсе, 20 студентке бір жылдық онлайн оқу грантын тағайындады. Онлайн дәрістер 2021 жылдың қаңтар айында басталады. Бұл университет оқытушылары мен студенттері үшін мол мүмкіндік болып отыр.
Онлайн дәріс барысында оқытушылар қытай тілінің қыр-сырына қанығып, оқытудың жаңа заманғы әдіс-тәсілдерін үйренеміз деп үміттеніп отырса, студенттер қытай тілінің деңгейін көтеріп, жетілдіре түсетініне үмітті.






