Қытайтану кафедрасының докторанты Бисенбаева Әсел «Үздік жас ғалым-2020» байқауында І-дәрежелі дипломға ие болды

30.10.2020

Көрулер: 2041

2020 жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік жас ғалым - 2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті. Байқауда білім беру ұйымдарының Phd докторанттары, магистранттары, оқытушылары, жас мамандары бағын сынады. Байқаудың нәтижесі бойынша, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3-курс докторанты, оқытушысы Бисенбаева Әсел «Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі дипломын иеленді, сонымен қатар оның өмірбаяны «Үздік жас ғалым-2020» атты жинаққа енгізілді.

Жинақтың таныстырылымы мен марапаттау рәсімі 2020 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрлік үйінде конференция түрінде өтеді.

Бисенбаева Әсел Пазылбекқызын әріптестері атынан шын жүректен құттықтаймыз!