Шығыстану факультетінің студенті «Ұлы Жібек жолы бұлттарының арасында» атты республикалық қытай әндері байқауына қатысты
Көрулер: 1699
Қыркүйектің 29 жұлдызында Ақтөбе қаласындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен "Ұлы Жібек жолы бұлттарының арасында" атты республикалық қытай әндері байқауы өтті. Байқауға Қазақстандағы Конфуций институтытының шәкірттері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жарыстың негізгі шарты - қытай тіліндегі бір әнді таңдап, оны әндетіп айтып шығу. Байқауға қатысқан студенттер көптеген танымал қытай композиторлары мен әншілерінің өлеңдерін таңдап, жатқа айтты.
Бұл байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті, аударма ісі мамандығының 4 курс студенті Нұржанова Сәлсәбіл қатысып, өз өнерін паш етті. Ол “Әрбір адам серігі" атты өлеңімен көзге түсіп, белсенділігі үшін алғысхатқа ие болды.
Қытай тілі мен мәдениетін жан-жақты дамытуды мақсат еткен аталмыш байқау, қытай тілін үйренушілердің құлшынысын арттырып, ынталандырара түсті.






