Кафедра жаңалықтары
Қазақ-Қытай достығына арналған мәдени іс-шара өтті
27.02.20232023 жылдың 27-ақпан күні «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен Заманауи қытай жазушысы Ван Мэннің «Әсем көріністі өлке» атты шығармасының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері және Қытайтану кафедрасы оқытушылары еңбектерінің көрмесі өтті. Бұл іс-шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы және Қытай мәдениеті күні аясында ұйымдастырылды.






