Құттықтаймыз

24.02.2023

Көрулер: 760

2023 жылдың 24 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD-докторанты Амалова Ақерке Ықыласқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде «Екі ата-аналық карталанатын популяцияны пайдалану негізінде жұмсақ бидайдың өнімділік компоненттері мен дән сапасының сандық белгілер локустарын анықтау» тақырыбында диссертациялық жұмысы «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша қорғалды.

Fылыми кенесшілер:

1.Туруспеков Ерлан Кенесбекович – профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Казақстан);

2.Саймон Гриффитс – PhD, дәнді дақылдар генетикасы бөлімінің жоба жетекшісі, Джон Иннес орталығы (Норвич қ., Ұлыбритания).

Диссертациялық жұмыс заманауи әдістемелерді пайдалану арқылы жоғары деңгейде орындалды. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге бірауыздан дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы А.Ы. Амалованы және ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай шығармашылық табыстар тілейді.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz