Құттықтаймыз

26.01.2021

Көрулер: 1733

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 11.00 - де "6D061300 - Геоботаника" мамандығының 3 курс докторанттарының кешенді емтиханы өтті. Кешенді емтихан өткізу үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылды. МАК төрағасы болып б.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ жаратылыстану және география институтының Қазақстан географиясы, экология және туризм кафедрасының профессоры Жүсіпова Дария Бекайдарқызы тағайындалды. Комиссия құрамына: б.ғ.д., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры - Мухитдинов Н. М., б.ғ.д., профессордың м. а., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі - Курманбаева М.С. және б. ғ. к., қауымдастырылған профессор Инелова З.А. кірді. Комиссияның техникалық хатшысы - б.ғ.к., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті м.а., Мамурова А. Т.

Емтихан сұрақтары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, сауатты құрастырылған, мамандық бойынша МАК-тың жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-регламенттеуші құжаттамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Ережеге сәйкес, әр докторант емтихан билетіндегі сұрақтарға және комиссия мүшелері қойған қосымша сұрақтарға ашық жауап берді. Емтихан аяқталғаннан кейін комиссияның тыңдалған жауаптарды бірлескен жабық талқылауы өтті, содан кейін докторанттарға нәтижелері жария етілді. Барлық 10 докторант кәсіби теориялық білімдерін тексеруден сәтті өтті. Кешенді емтихан "өте жақсы" деген бағаға өтті. Бұл "6D061300 - Геоботаника" мамандығының докторанттарын даярлаудың жоғары деңгейін және алынған білімді практикада қолдануға дайындығын білдіреді.

Осы оқу жылында қорытынды кешенді емтиханды ұйымдастырудың және өткізудің жоғары әдіснамалық деңгейін атап өту қажет. Пандемия жағдайына байланысты кешенді емтихан барысында барлық карантиндік шаралар сақталды.

Біздің кафедраның докторанттарын кешенді емтиханды сәтті тапсыруымен құттықтаймыз.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz