«СПИД – 21 ғасыр індеті»

27.11.2020

Көрулер: 1481

2020 жылдың 27-ші қараша күні сағат 14:00 де «биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының Биология мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «СПИД – 21 ғасыр індеті» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында студенттер бір-бірімен ой алмасып, түрлі анализ жұмыстарын жүргізіп, соңында тақырыпты тест жүргізу арқылы қорытындылады. Студенттер болашақ биолог мамандары болғандықтан өздеріне жақын деп осы тақырыпты алды. Мақсаты әр адам СПИД жайлы біліп, өз денсаулығын барынша күтіп жүру. Осы мақсатта сабақ барысында түрлі видеороликтер мен суреттер көрсетілді.

Қатысушылар: кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С, куратор-эдвайзер Нұрмаханова А.С. және «5В600700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері ББ 19-03 және ББ 19-04 топтар, аға куратор Зорбекова А.Н және кафедра оқытушылары Корбозова Н.К, Елтай Г.Е, Тілешова М.Т.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz