Central Asian Freshwater Fishes - IUCN Red List Review Workshop

02.03.2020

Көрулер: 1632

2-4 наурыз 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN), түрлерді сақтау бойынша комиссиясы (SSC), тұщысу балықтарын сақтау бойынша мамандардың (FFSG)  және TOYOTA корпорациясының қаржылық көмегінің қолдауымен Орталық Азия аборигенді балық түрлерінің алуантүрлілігін сақтау мәселелері бойынша халықаралық семинар (workshop) өткізілді.

Негізгі баяндамаларды қауымдастырылған профессор Н.Ш.Мамилов (ҚазҰУ), профессор Jörg Freyhof (Лейбниц атындағы жаратылыстану тарихы және систематикасы институты, Берлин университеті, Германия), профессор Nina Bogutskaya (Жаратылыстану тарихы музейі, Вена, Австрия), Б.К. Каримов (Су мәселелері институты, Өзбекстан Республикасы) жасады.

Конференцияның жұмыстарына Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Алматы қаласы), Зоология институты ҚР БжҒМ өкілдері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің докторанттары мен студенттері қатысты. Семинар кезінде аборигенді ихтиофаунаның алуантүрлілігін сақтаудың өзекті проблемалары талқыланды және ғаламдық деңгейде жекеленген балық түрлерінің жағдайына баға берілді.

Семинар аяқталғаннан кейін 5-6 наурыз 2020 жылы шақырылған шетел профессорлары мамандар мен ҚазҰУ «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығында оқитын студенттерге дәрістер оқып, мастер кластар жүргізді.

 

 

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

 

www.kaznu.kz