Жас радиожурналисттер үлесі

26.01.2021

Көрулер: 1501

     "Әл-Фараби" радиосы- Қазақ Ұлттық Университетіне қарасты студенттік радио. "Әл-Фараби" радиосының «Жас радиожурналист» үйірмесінде қазіргі таңда , тіпті пандемия жағдайында көптеген студенттер қатысып, онлайн режимде хабарлар жасап отыр. Олардың көпшілігі 1-ші курс студенттері болса, енді біразы 2-ші курс студенттері.   « әл Фараби» радиосының ҚазҰУ жаңалықтарын эфирге шығаруы - «Радиожурналист» үйірмесінің негізгі өнімі болып табылады. Радионың шығармашылық жетекшісі Клара Қабылғазина, саунд операторы Бақыт Әмірбек. 

     Радиода қазақ және орыс топтары эфир жүргізеді. Қазақ топтары аптаның үш күні, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері эфирге шықса, орыс топтары сейсенбі және бейсенбі күндері қызмет атқарады. Эфир сан түрлі бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Сондай-ақ редакторлар қадағалап, қателерін түзейді, сценарийлерін тексереді және дауысын қоюға көмектеседі.

         Оған қосымша үйірме мүшелері радиожурналистиканы ғылыми тұрғыдан да зерттеуге атсалысады. Оған дәлел -үйірме мүшелерінің ғылыми конференциялардан алдыңғы орындарға ие болуы.     Республикалық Қазақ радиосымен де шығармашылық қарым-қатынас орнатудамыз. Оған дәлел- жуырда ректор Ғ.Мұтанов пен Қазақ радиосы АҚ директорының бірлескен меморандумға қол қоюы.  

       « әл Фараби» радиосының журналистері ҚазҰУ жаңалықтарымен қоса көркем хабарларды да дайындап, эфирге шығарады. Оның дәлелдері төмендегідей айдарлар: 

1."Жаңалықтар"- Қазақстан, әлем және ҚазҰУ жаңалықтары туралы хабар таратады

2."Саяхат life”- Қазақстанның ішкі туризмі жайлы айтып, көрікті жерлері туралы хабар тарататын бағдарлама

3."Спорт life”- спорт әлемінде болып жатқан өзгерістер мен тың жаңалықтар

4."Жұлдызбен сұхбат"- қазақ өнерінде өзіндік орындары бар тұлғалармен сұхбат

5."ЖасStars”- енді ғана өнер әлеміне қадам басып келетін, ерекше дарындылыққа ие адамдармен сұхбат

6.“Кәдеңізге жарасын" - пайдалы ақпараттар мен лайфхактар тізбегі

7."Қызықты күнтізбе" - әлемдік өркениеттегі атаулы күндер мен сандарға қатысты қызықты мәліметтер

8."Студенттік кездер-ай" - студенттік шақтың қызығы мен шыжығы

9."Жұлдыз жорамалдар" - жұлдыз жорамалға сенетін,болашағы жайлы қызықты фактілер білгісі келетін жандарға арналған бағдарлама

Радиостудияда барлық хабарлардың сценарийлері сақтаулы. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге де ақпараттарымызды жариялап тұрамыз. Мына төмендегі сілтемелер арқылы кіре аласыздар:

1. https://volnorez.com/al-farabi-fm

2. @alfarabiradio_kaznu