Ғылым жолына түрен салған ғалым

12.01.2021

Көрулер: 1902

2021 жыл 20 қаңтарда сағат 12.00-де «Отандастар қоры»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы  бастамасымен әл-Фараби ат. ҚазҰУ ұйымдастыруымен Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қ. Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» атты кітабының онлайн форматта тұсаукесері өтеді (London: Routledge, 2020).  

Өтетін орындары: Нұр-Сұлтан, Д.Қонаев көшесі, 12/1-үй, 3-қабат «Отандастар» КЕАҚ «Ақ мәжіліс залы». Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби ғылыми кітапхананың №308 «Абай» залы

Тұсау кесер рәсімінде ғалымның еңбектерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

Қосымша ақпарат: Гүлнар Кендірбай - Колумбия университетінің профессоры, Нью-Йорк, АҚШ, 2004 жылдан бастап Орталық Азия, Еуразия көшпелілері, Ресей империясы мен Кеңес Одағының тарихы бойынша курстар өткізді. Оның ғылыми зерттеу бағыттарына колониализм, ұлтшылдық, этностық, ислам, көшпенділік, мәдени антропология, Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихы кіреді.

Білімі. 1979 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін Этвеш-Лоранда (1987, Будапешт, Венгрия) университеттің фольклор факультетінде және Тюбинген университетінің Шығыс Еуропа институтында (2003, Германия). философия докторы атағына екі диссертация қорғады. Бірінші докторлық диссертацияның тақырыбы «Преодоление колониальных разрывов: казахстанская интеллигенция и имперское государство», екінші докторлық диссертациясы «Теоретические проблемы фольклоризма и страны Центральной Европы и Казахстана».

Кәсіби мансабы. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Гүлнар Кендірбай Нью-Йорктегі Колумбия университетіндегі Гарриман институты, тарих факультетінің профессоры.

Жарияланымдары. Ғалымның екі монографиясы бар. «Жер және адамдар» Ресейдің қазақ даласын отарлауы (Берлин: Шварц, 2002 ANOR; 12) және «Российские практики управления в Евразии. Динамика власти на окраинах, 16- середина 19 веков»                                   ( Лондон, Routledge 2020).

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Нұрсұлтан, Д.Қонаев, 12/1, жобаның үйлестірушісі Ана Шакерхан

Алматы, әл-Фараби даңғылы,71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

         ZOOM Конференцияның жеке идентификаторы

Код: