Цукуба атты жапон университетінде әл-Фараби орталығы ашылды

08.01.2021

Көрулер: 1419

Әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы болып саналатын Цукуба атты жапон университеттетінде әл-Фараби орталығы ашылды. Бұл ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына орай, халықаралық ұйым ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өткізілген іс-шаралардың бірі [2]. Жаңадан ашылған орталық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігі ретінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ашылу рәсімі ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов (онлайн) және Цукуба университетінің ректоры Кёсукэ Нагатаның қатысуымен өтті [1]. Қатысушылар ғалымның ойлары, еңбектері мен мұрасы туралы тақырып қозғады.
2014 жылы академиялық және ғылыми алмасуды кеңейту мақсатында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті негізінде Цукуба университетінің өкілдігі ашылды. Осы уақыт аралығында жапон университеті 300-ге жуық қазақстандық студенттер мен гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілерді тартты. Цукуба университетінің ректоры, Киосуке Нагатаның айтуы бойынша, өткен жылы университеттерге ғылыми-зерттеу және білім беру ресурстарына несие беруге арналған меморандумға қол қойылған. «Биологиялық зерттеулер, қоршаған орта және материалдар технологиялары бойынша ынтымақтастықты асыға күтеміз», - дейді Киосику Нагата [2].
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов та бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті: «Әл-Фараби орталығының ашылуы – ойшыл тұлғасына деген жоғары құрметтің белгісі әрі қазақ халқына деген үлкен достықтың көрінісі. Оның болашағы зор. Орталық кәсіби кадрларды бірлесіп даярлауға, ҚазҰУ мен Цукуба университеті ғалымдарының халықаралық рейтингтік басылымдардағы жарияланымдарын арттыруға, сондай-ақ зерттеу қызметін дамытуға бағытталған. Орталықта қазақ тілі оқытылып, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті таныстырылатын болады».
ҚазҰУ мен Цукуба университеті 13 жылдан бері ынтымақтастықта: олар ғылыми жобаларды бірге жүзеге асырып, қос диплом бағдарламасы бойынша мамандар даярлап келеді. Айта кетсек, Жапон университетін жүзден астам қазақстандық студенттер бітірді [2].
Дереккөздер:
1. Жапонияда «әл-Фараби орталығы» ашылды
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/139032?lang=kk
2. Аль-Фараби центр открыт в университете Цукуба в Японии
https://24.kz/ru/news/obrazovanie-i-nauka/item/444229-al-farabi-tsentr-otkryt-v-universitete-tsukuba-v-yaponii
3. ӘЛ-ФАРАБИ ОРТАЛЫҒЫ ЖАПОНИЯДА АШЫЛДЫ
https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/21505/