5-6 сәуір 2019ж. «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

06.04.2019

Көрулер: 1945

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 5-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да   «VI Халықаралық Фараби оқулары» аясында «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Италия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, шетелдік Франция, Швейцария, Италия Канада, Ұлыбритания, Ресей, Оңтүстік Корея, Польша және қазақстандық Сүлеймен Демирел университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары, сондай-ақ, Қазақ ұлттық университетінің профессорлары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, француз және орыс тілі болды. Кез келген тілдегі баяндама қажетті шет тіліне, орыс, қазақ тіліне аударма жасалды.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың атынан проректор Рамазанов Т.С. кіріспе сөз сөйледі. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысы Р.И.Бөлтіріков, Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуаль Д'Авино, Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Университеттік ынтымақтастық   жөніндегі атташесі Жиль Маметц сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың жұмысы барысында Женева (Швейцария) Университетінің профессоры   Абдельжалил Аккаридің, «Мәдени алуантүрлілік және халықаралық білім беру», Санкт-Петербург Университеті Жоғары аударма мектебінің директоры, профессор (Ресей), И.Алексееваның «Халықаралық ілеспе аудармашыларды даярлау жүйесі», ҚазҰПУ профессоры Т.Т.Аяпованың «Қазақстандағы көп тілді білім беру мәселесі», Бирмингем университетінің профессоры (Англия) Маркус Перлманның баяндамалары тыңдалды. Әр спикер семинарлар мен мастер-класстар өткізді. Баяндамалар конференцияға қатысушылар үшін өте қызықты болды. Өз тараптарынан баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікірлерін айтты.

Ұсынылған баяндамаларда шет тілін үйретудегі ана тілінің, жас ерекшелігінің рөлі, көпмәдениетті қоғамда көптілді білім беру жүйесі, аудармашыларды даярлауда кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары, қажетті мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктері және шетел тілі мен аударманы үйретуде қолданылатын инновациялық технологиялардың тәжірибелік маңызы көрініс тапты.

Конференция өз мақсатына жетті деп айтуға болады. басқа конференциялардан айырмашылығы көптілде теңдей қатынас жасалып, аударма жасалып, қатысушылардың көңілінен шықты.

QS World Universities Rankings бойынша 85- орындағы Бирмингем университетінің профессоры Маркус Перлман, 105-орындағы Женева университетінің профессоры А.Аккаридің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен бұдан әрі қарым-қатынасты жақсартуға деген ниеті біздің университетіміз үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ шетелдік елшілер мен ҚР Сыртқы істер Министрлігі өкілдерінің қолдау көрсетуге дайын екені, мұндай конференцялар ел мен елдің, мәдениеттердің арасында көпір салуға себепші болатынына тағы да көзімізді жеткізді.